Алматы метросындағы қаржы жымқыру ісі: сот шешімі өзгеріп, 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматы метрополитені құрылысына қатысты қаражат жымқыру ісі бойынша кассациялық тәртіпте қарау нәтижесінде 127 млн теңге мемлекет кірісіне қайтарылды. Бұл қаражат бұған дейін үшінші бір заңды тұлғаның банктік шоттарынан анықталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас прокуратураның 2026 жылғы 27 сәуірдегі мәліметіне сәйкес, "Метрополитен" КМК лауазымды тұлғалары мердігер ұйымдардың басшылары және қызметкерлерімен алдын ала сөз байласу арқылы Алматыдағы метро құрылысы мен жабдықтауға бөлінген қаражатты жымқыру схемасын ұйымдастырған.

Нәтижесінде мемлекетке аса ірі көлемде материалдық залал келтірілген.

Алмалы аудандық сотының үкімімен "Метрополитен" КМК мен мердігер ұйымдардың 10 лауазымды тұлғасы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленіп, келтірілген залалды ортақ тәртіппен өтеуге міндеттелген.

Алайда сот актісінің заңдылығын кассациялық тәртіпте тексеру барысында жымқырылған қаражаттың бір бөлігі — 127 млн теңге — басқа заңды тұлғаның банктік шоттарында сақталғаны анықталған.

"Прокурордың кассациялық наразылығы бойынша сот актілері өзгертіліп, көрсетілген ақша мемлекет кірісіне өндірілді", – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда метроның жаңа желісін салу жоспарланып жатқаны хабарланған болатын. Осыған байланысты болашақ станциялар аумағындағы жер телімдерін сатып алу және үйлерді бұзу жұмыстары басталған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды