12 тоннадан астам алтын құрамды материал заңсыз айналымнан тәркіленді — ІІМ

Фото: polisia.kz
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында қала құраушы кәсіпорындардың, соның ішінде алтын өндіру саласындағы кәсіпорындардың тұрақты әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, өткен жылдан бері елдің бірқатар өңірінде алтын ұрлығына және заңсыз кен өндіруге қатысы бар 1400-ден астам адам әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ заңсыз айналымнан 12 тоннадан астам алтын құрамды материал тәркіленген.

Биыл құқық қорғау органдары Жамбыл облысы аумағындағы "Ақбақай" тау-кен байыту комбинатында алтын құрамды кенді заңсыз өндіру, өңдеу және ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Қылмыстық іс қазіргі таңда сот қарауында.

Сонымен қатар жедел-іздестіру іс-шаралары барысында кәсіпорын аумағына заңсыз кіру әрекеттері дер кезінде тоқтатылды. Нәтижесінде Жамбыл облысы, Ұлытау облысы және Қарағанды облысы тұрғындарынан құралған, алтын құрамды материалды ұрлау арнасын ұйымдастыруға әрекеттенген топ ұсталды.

Тексеру барысында қару-жарақ, ірі көлемдегі ақша қаражаты, байланыс құралдары және автокөліктер тәркіленген.

Қазіргі уақытта келтірілген залалдың көлемі анықталып жатыр. Сондай-ақ кәсіпорынның күзет және қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің бұл заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексерілуде.

ІІМ мәліметінше, аталған шаралар алтынның көлеңкелі айналымын азайтуға, заңсыз кен өндірудің жолын кесуге және елдің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етіп отыр.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыратынын мәлімдеді.

Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі