Құқық қорғау органдарының мәліметінше, әкімшілік жауапкершілікке тарту тәртібі өзгермеген. Бұрынғыдай айыппұл тек белгіленген жылдамдықты сағатына 10 шақырым және одан жоғары асырған жағдайда ғана қолданылады.
8 мамырдан бастап күшіне енетін бірлескен бұйрық тек жолдағы камералардың жұмыс тәртібіне қатысты. Құжат олардың өлшеу дәлдігін және рұқсат етілген қателік шегін нақтылайды. Бұл өзгеріс жүргізушілерге жаңа талап енгізбейді және жауапкершілікке тарту шегін өзгертпейді.
Осылайша, "2 км/сағатқа асыру үшін айыппұл салынады" деген ақпарат – жалған.
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранованың айтуынша, жалған ақпарат таратқан азамат анықталған. Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ведомство азаматтарды тек ресми дереккөздерге сүйенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды.