Қазақстанда әскери фельдшерлер даярлау ұсынылды

Фото: pexels
Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев Қазақстанда әскери фельдшерлерді даярлау қажеттігін көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

14 мамырда депутаттық сауалын жариялаған сенатордың айтуынша, қазіргі геосаяси тәуекелдер мен төтенше жағдайлар жағдайында мұндай мамандарды даярлау аса маңызды.

Ол әскери дәрігерлер мен фельдшерлерді даярлау жүйесі кешенді түрде дамуы керектігін атап өтті.

"Әскери медицина саласындағы алғашқы медициналық көмектің орта буын мамандары – әскери фельдшерлерді даярлауды бастау қажет. Бүгінде мұндай кадрларға сұраныс Қарулы күштер тарапынан да, азаматтық қорғаныс жүйесі тарапынан да артып келеді", – деді Ғалиасқар Сарыбаев.

Депутаттың айтуынша, ел аумағының кеңдігі, кейбір елді мекендердің шалғай орналасуы, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы қауіп-қатерлер мобильді әрі әмбебап медициналық мамандарды даярлау мәселесін стратегиялық деңгейге шығарып отыр.

Сенатор әскери фельдшерлерді Талдықорғандағы медициналық колледждердің бірінің базасында даярлауды ұсынды.

Оның пікірінше, қалада әскери гарнизонның, госпитальдің және ведомстволық медициналық мекемелердің болуы тәжірибеге негізделген оқыту мен шынайы жағдайға жақын тағылымдамалар ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

"Талдықорған жоғары медициналық колледжі базасында әскери фельдшерлерді даярлайтын арнайы бағыт ашу мүмкіндігін қарастыру қажет. Сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдарға білім беру модульдері мен стандарттарын әзірлеуді тапсыру керек", – деді депутат.

Сонымен қатар ол бұл бағыттағы мамандарға деген нақты сұранысты анықтап, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету және қолданыстағы мамандықтар мен біліктілік жіктеуіштеріне өзгерістер енгізу мәселесін пысықтауды ұсынды.

Қазақстан
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамының тізімі жарияланды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Түркістан облысында жол апатынан бір әулеттің бес қызы көз жұмды

Аптап ыстық пен жоғары өрт қаупі: 30 маусымға арналған дауылды ескерту жарияланды