Алаяқтар Қазақстандағы логистикалық платформаларды пайдалана бастады

Фото: pexels
Қазақстанда "Della" және "Fa-Fa.kz" логистикалық платформалары арқылы автокөліктер мен түрлі жүктерді тасымалдау кезінде алаяқтық жағдайлары жиілеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, көбіне автокөлік пен жүк тасымалына қатысты хабарландырулар Алматы қаласы мен Алматы облысынан еліміздің басқа өңірлеріне жеткізу үшін жарияланады.

Көбінесе автокөліктер мен жүктерді Алматы қаласы мен Алматы облысынан еліміздің басқа өңірлеріне жеткізу туралы хабарландырулар орналастырылады. Хабарландыру жарияланғаннан кейін алаяқтар тапсырыс берушілермен және жүргізушілермен WhatsApp мессенджері арқылы байланысады.

Тапсырыс берушілерге өздерін тасымалдауды ұйымдастырушы немесе жүргізуші ретінде таныстырса, жүргізушілерге өздерін жүк иесі ретінде көрсетеді. Екі тараптың да сеніміне кіргеннен кейін тасымалдау шарттары жөнінде келісім жасайды.

Алматы қаласынан шыққаннан кейін алаяқтар ұрланған автокөлік немесе жүкті басқа көлікке ауыстырып тиеп, оны өз қалауларынша пайдаланады.

Мысалы, 7 маусымда Алматы қаласының тұрғыны полицияға өзінің қымбат автокөлігінің ұрланғаны туралы арызданған. Екі күн бұрын белгісіз тұлғалар алдау арқылы оның көлігін иемденіп, 60 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Уақтылы жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері ұрланған автокөлікті тауып, заңды иесіне қайтарды. Қылмыс жасады деген күдікпен үш адам ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы мен басқа да ықтимал сыбайластары анықталуда.

Осындай қылмыстардың алдын алу мақсатында ІІМ азаматтарға қауіпсіздік шараларын ұстануды ұсынады:

Құжаттарда сәйкессіздіктер байқалса, күмән туғызатын басқа да жағдайлар анықталса, тасымалдаушының қызметінен бас тартып, бұл туралы дереу 102 нөміріне хабарлау немесе жақын жердегі криминалдық полиция бөліміне жүгіну ұсынылады. Уақтылы қырағылық таныту және полицияға жүгіну қылмыстың алдын алып, кінәлілерді жауапкершілікке тартуға көмектеседі.

Қазақстан
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі

+41°C. Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

Әлеуметтік желілердегі арандатушылыққа қатаң тосқауыл қойылады – Бас прокуратура