Қарт қазақстандықтар бейтаныс адамға сеніп, соңғы ақшасын берген: сот үкім шығарды

Фото: Zakon.kz
Қарағанды облысында сот зейнеткерлерді алдаған ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу мәліметінше, күдікті интернеттен қарт адамдардың байланыс нөмірлерін тауып, оларға телефон арқылы хабарласқан.

Әңгіме барысында ол өзін таныстырмаған, алайда сөйлесушілердің өздері оны шетелде тұратын туысы деп ойлаған.

Осы сенімді пайдаланып, ер адам зейнеткерлерді сәлемдемені алу үшін ақша жіберуге көндірген. Ақшаны курьер арқылы алып, кейін бой тасалаған.

Прокуратураның 2026 жылғы 23 маусымдағы мәліметіне сәйкес, алаяқтың әрекетінен 10 қарт адам зардап шеккен. Келтірілген жалпы шығын 50 мыңнан 1,75 млн теңгеге дейін жеткен.

Сот оны алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, орташа қауіпсіздік мекемесінде 4 жыл 7 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Прокуратура азаматтарды бейтаныс адамдардан келген қоңырауларға сақ болуға, ақпаратты міндетті түрде туыстар арқылы тексеруге және бөгде адамдарға ақша бермеуге шақырды.

Бұған дейін Қазақстанда алаяқтардың логистикалық платформаларды пайдаланып, көлік пен жүк тасымалы кезінде алдау жағдайлары жиілегені хабарланған болатын.

Қазақстан
Қарағанды
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Димаштың орындауындағы түрікше ән бірнеше елдің чарттарын бағындыруда

Мемлекеттік білім беру гранты иегерлеренің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Сақтандыру қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді