LRT маңынан тауып алған патрон бір жылдан кейін астаналық жігіттің сотталуына себеп болды

Сурет: pixabay
Астанада 22 жастағы тұрғын құрылыс алаңы маңынан тауып алған патронды рюкзагына салып, ұмытып кеткен. Алайда бұл оқиға бір жылдан кейін қылмыстық іске ұласты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, шығармашылық салада жұмыс істейтін жас жігіт салынып жатқан LRT нысанының маңынан бір патрон тауып алған. Ол оны түсірілімге арналған реквизит ретінде пайдалануға болады деп ойлап, рюкзагына салып қойған. Кейін бұл туралы мүлде ұмытып кеткен.

Бір жылдан соң астаналық Алматыға ұшу үшін әуежайға келген кезде тексеру барысында рюкзагының қалтасынан әлгі патрон табылған.

Осыған байланысты сот оны оқ-дәріні заңсыз иемдену, сақтау және тасымалдау фактісі бойынша кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған.

Алайда іс материалдары бойынша жас жігіттің патронды пайдалануды, біреуге беруді немесе сатуды көздегені анықталмаған. Оның жанынан қару да табылмаған және ешқандай зиян келмеген.

Бас прокуратураның түсіндіруінше, Қылмыстық кодекстің 10-бабына сәйкес, құрамында құқық бұзушылық белгілері болғанымен, қоғамдық қауіптілігі болмашы әрекет қылмыстық құқық бұзушылық болып саналмайды.

Осыны ескерген кассациялық сот істі әрекеттің болмашы сипатына байланысты қылмыстық құқық бұзушылық құрамы жоқ деп танып, өндірісті тоқтатқан.

Сот қоршаған ортаға ешқандай зиян келмегенін, тек бір ғана патрон табылғанын және оны қылмыстық мақсатта пайдалану ниеті болмағанын назарға алған.

Бас прокуратура кассациялық соттың бұл ұстанымымен келіскенін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысының тұрғыны өз үйінің қорасынан снарядтар тауып, оларды полицияға тапсырғаны үшін 181 950 теңге көлемінде сыйақы алған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді