Астана маңында жүк локомотиві өртенді

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ақмола облысының Аршалы ауданында жүк локомотиві өртенді. Өрт машинистің кабинасынан шыққан, шамамен 15 шаршы метр аумаққа тараған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызыл жалын Астанадан келген өрт сөндіру пойызының арқасында жедел түрде сөндірілді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.

Алдын ала нұсқа бойынша, электр сымдарының қысқа тұйықталуы өрттің шығуына түрткі болған.

Құтқарушылар еске салады: Төтенше жағдайлар туындаған кезде 101 немесе 112 телефондарына хабарласу қажет.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыда алғашқы қар жауып, күн -4°C-қа дейін суытады

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек