Павлодарда балық аулау дүкені өртеніп, 16 адам эвакуацияланды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Павлодар қаласында Малайсары батыр көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы балық аулау дүкенінде өрт шықты. 101 пультіне дүкеннен түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері бірден өртті сөндіруге кірісті.

"Өрт сауда залы мен қойма бөлмесін шарпыған.Түтіннің таралу қаупіне байланысты тұрғын үйдің кіреберісінен 16 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. Өрт қысқа уақытта толық сөндірілді", делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Бұған дейін Астана маңында жүк локомотиві өртенгені хабарланған.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ондай жан енді қайталанбайды": Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға тағы да ерекше ықыласын білдірді

Қазақстанда күн райы күрт бұзылады: 5-7 қарашада қалың қар жауып, күн суытады

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

Қазақстанның курорттық аймағында психотроптық препараттар таратылған