Астана – Қарағанды тас жолында астық тиелген жүк көлігі аударылып қалды

Фото: Zakon.kz
9 шілде күні таңертең Қарағанды облысындағы Астана – Қарағанды автожолында астық тиелген КАМАЗ жүк көлігі аударылып, жол қозғалысына кедергі келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, Қарағанды бағытына астық тасымалдап келе жатқан 39 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай қалған.

"Жүк көлігі жолдың қоршауына соғылып, соққы салдарынан тіркемесі аударылып қалды", – деп мәлімдеді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Абырой болғанда, жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Жол қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, аударылған тіркемені жолдан шығарып, көлік қозғалысын қысқа уақыт ішінде қалпына келтірді. Қазіргі уақытта аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тексеру жүргізіліп жатыр. Мамандар апаттың нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтауда.

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбаны EKARAGANDA.KZ басылымының тілшісі өзінің YouTube арнасында жариялады.

Бұған дейін Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жауапқа тартылғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – 2024. Толық мәтін

Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес – сарапшылар дабыл қағуда

Тоқаев радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы заңға қол қойды

Жамбыл облысында жер сілкінді