"Қарасора-2026": қызметтік иттердің көмегімен 90 есірткі қылмысының жолы кесілді

Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
Ішкі істер министрлігі жүргізіп жатқан "Қарасора-2026" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қызметтік иттердің көмегімен 90 есірткі қылмысының жолы кесіліп, заңсыз айналымға түсуі мүмкін 550 келіге жуық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ мәліметінше, операция маусым айынан бері еліміздің қарасора өсетін өңірлерінде жүргізіліп жатыр.

Іс-шараға полиция қызметкерлерімен қатар Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы мен Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері жұмылдырылған. Сонымен бірге тікұшақтар, дрондар және Жерді ғарыштан бақылау технологиялары пайдаланылуда.

Ерекше бақылауға алынған өңірлердің бірі – Шу алқабы. Мұнда дрондардың көмегімен жабайы қарасора өсетін ондаған ошақ анықталып, жойылған.

Сондай-ақ қызметтік иттер мен кинологтар тәулік бойы автожолдарда, теміржол нысандарында және есірткі тасымалдануы ықтимал бағыттарда тексеру жүргізуде.

Операция барысында қызметтік иттердің көмегімен 90 есірткі қылмысының жолы кесіліп, заңсыз айналымға түсуі мүмкін 550 келіге жуық түрлі есірткі тәркіленді.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікеновтің айтуынша, "Қарасора" операциясы есірткі қылмысына қарсы күрестегі тиімділігін дәлелдеп отыр.

"Заманауи технологиялар мен кешенді шаралардың арқасында қойылған міндеттер нәтижелі орындалуда. "Заң мен Тәртіп" қағидаты аясында Ішкі істер министрлігі азаматтардың денсаулығын қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бағытындағы жұмыстарын алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырады", – деді ол.
Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Сейсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ғалым, мұғалім, дәрігер: Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының кандидаттар тізімін тіркеді

Қазақстанда скринингтің жаңа түрі енгізіледі: кімдер және қандай тексеруден өтеді

Өскеменде жеңіл көлік жол апатына ұшырап, екі жасөпірім қаза тапты