Қазақстанға шикізаттық емес тауарлар импорты артты

Фото: akorda.kz
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 2026 жылғы 4 тамызда өткен Үкімет отырысында еліміздің азық-түлікпен қамтамасыз етілу деңгейі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінде Қазақстан негізгі азық-түлік өнімдерінің басым бөлігі бойынша ішкі сұранысты толық қамтамасыз етіп отыр.

"Күнбағыс майы, ұн, күріш, картоп, пияз, сәбіз, макарон өнімдері, сиыр және қой еті бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 100%-дан асады. Сүт пен жұмыртқаға деген ішкі сұраныс та толықтай дерлік қамтамасыз етілген", – деді Арман Шаққалиев.

Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар секторында бес айдың қорытындысы бойынша шикізаттық емес тауарлар экспорты 12%-ға артып, 10 млрд доллардан асты.

"Импорт 4,4%-ға немесе 0,9 млрд долларға өсті. Қазақстанның ішкі нарығы отандық өндірушілер үшін сұраныстың негізгі көзі болып қала береді", – деп толықтырды министр.

Бұған дейін еліміздегі аса маңызды импорт үлесінің төмендегені хабарланған болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді