Астанада 22 жастағы бойжеткен көпқабатты үйден құлап, қаза тапты

Фото: Zakon.kz
Астанада 22 жастағы бойжеткен көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға туралы ақпарат 2026 жылғы 18 тамызда таңертең әлеуметтік желілерде тарады. Мәліметке сәйкес, қайғылы жағдай Роза Бағланова көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.

Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Өзін-өзі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, бойжеткен көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секіріп кеткен. Құлау кезінде алған жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін, 17 тамызда Жамбыл облысында сегіз айлық сәбиі бар жас ананың жұмбақ жағдайда өлі табылғаны хабарланған еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Әлемнің жеті кереметі жайлы не білеміз

Қазақстанда үй жануарларын есепке алу ережелері өзгерді