Қазақстанда пиротехника қолдану талаптарын бұзған 251 адам жауапқа тартылды

Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігі азаматтарды пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және айналадағы тұрғындардың тыныштығын бұзбауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, кейінгі уақытта көпқабатты үйлердің тұрғындары туған күн мен өзге де мерекелерді аулада отшашу ұйымдастырып атап өтетін жағдайлар жиілеген. Кейбір азаматтар пиротехникалық бұйымдарды түнгі уақытта да қолданады.

Алайда бірнеше минутқа созылатын мерекелік отшашу көршілердің наразылығын тудырып қана қоймай, адамдардың жарақат алуына, өрттің шығуына және әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

ІІМ елді мекендерде пиротехникалық бұйымдарды белгіленген талаптар сақталған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етілетінін еске салды. Заңнамада мерекелік күндерге, соның ішінде Жаңа жыл түніне қатысты ешқандай ерекшелік қарастырылмаған.

Жыл басынан бері пиротехниканы қолдану және оның айналымына қатысты талаптарды бұзғаны үшін 251 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оның ішінде:

Мұндай құқық бұзушылықтардың басым бөлігі ірі қалаларда тіркелген. Астанада 74, Алматыда 58 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Министрлік пиротехниканы пайдалану кезінде қауіпсіздікке ерекше назар аудару қажет екенін ескертті. Сертификатталмаған өнімдерді қолдану және қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамау ауыр жарақаттарға және өртке әкелуі мүмкін.

Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері өртке қарсы қызмет мамандарымен бірлесіп профилактикалық іс-шаралар жүргізіп жатыр. Пиротехникалық бұйымдарды жеткізушілер, қоймалар, базарлар мен сауда орындары тексеріліп, заңсыз саудаға және сертификатталмаған пиротехниканы өткізуге жол бермеу шаралары қабылдануда.

ІІМ тыныштықты сақтау мәселесіне де назар аударды. Жыл басынан бері елімізде тыныштықты бұзудың 79 мыңнан астам дерегі анықталып, 78 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Ведомство азаматтарды мерекелік іс-шаралар ұйымдастыру кезінде жауапкершілік танытуға, қауіпсіздік талаптарын сақтауға, тек сертификатталған пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға және айналадағы адамдардың тыныштығын ескеруге шақырды.

"Мереке жарақатқа, өртке немесе өзге адамдарға қолайсыздық туғызатын жағдайға айналмауы тиіс", – делінген хабарламада.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін