Мемлекет басшысы Халықаралық баскетбол федерациясының президентін қабылдады

Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 25 тамызында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Халықаралық баскетбол федерациясының (FIBA) президенті Сауд Али Әл-Тәнимен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі берген ресми ақпаратқа сай, кездесу барысында Президент FIBA-ның Қазақстан баскетболының дамуына көрсетіп отырған қолдауын жоғары бағалады. Сондай-ақ Сауд Али Әл-Тәниге Қазақстан Ұлттық баскетбол федерациясының отырысына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл отандық баскетбол тарихына 100 жыл толып отырғанына назар аударды. Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде баскетбол балалар мен жастардың қызығушылығын тудырған танымал спорт түрлерінің біріне айналды.

Президент Қазақстаннан халықаралық деңгейде танылған, әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен көрнекті баскетболшылар шыққанын атап өтті.

Сурет: akorda.kz

Сонымен қатар Мемлекет басшысы елімізде болашағы зор бағыттардың бірі саналатын 3×3 форматындағы баскетболға қызығушылық артып келе жатқанын айтты.

Тараптар бұқаралық және кәсіпқой баскетболды дамыту перспективаларын талқылады. Кездесуде спорттық резервті даярлау, жас таланттарды қолдау, жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде Сауд Али Әл-Тәни Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанда баскетболды дамытуға көрсетіп отырған қолдауы үшін ризашылығын білдірді. FIBA президенті ұйымның аталған спорт түрін одан әрі дәріптеуге және оның бұқаралық сипат алуына бағытталған жоспарларымен бөлісті.

Сурет: akorda.kz

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы баскетболды дамытуға үлес қосқаны үшін Халықаралық баскетбол федерациясының президенті шейх Сауд Али Әл-Тәниді ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

Қазақстан
Молния
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді