Медициналық есепте тұрған ер адам көшеде әйелге тиісіп, жазасыз қалды

Фото: Zakon.kz
Петропавлда арнайы медициналық мекемеде есепте тұрған 55 жастағы ер адам әйелге шабуыл жасағысы келген. Оқиғаны жәбірленуші Юлия Бородина видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс ер адам балағат сөздер айтып, оған қоландағы пакетпен соққы жасауға тырысқан. Алайда соққы жанында тұрған велосипедке тиген, әйел зардап шекпеген.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті бұл жағдай бойынша тексеру жүргізіп, ер адамның жеке басын анықтады.

"Тексеру барысында ер адамның арнайы медициналық мекемеде есепте тұрғаны анықталды. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оны әрі қарай бақылау және қажетті медициналық көмек көрсету мәселесі тиісті мамандармен бірлесіп шешіліп жатыр", – деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, ер адамның денсаулық жағдайын ескере отырып, оны әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз жоқ.

Полиция азаматтарға осындай жағдайларда жанжалға араласпай, дереу 102 нөміріне хабарласуға кеңес берді.

Бұған дейін Петропавлда 40 жыл түрмеде отырған 62 жастағы маньяк Валерий Кричиневскийдің сотталғаны хабарланған еді. Қыз баланы өлтіргені үшін 25 жыл жазасын өтеген ер адам 2024 жылы бостандыққа шыққан. Алайда көп ұзамай қайтадан әйелге шабуыл жасаған.

Қазақстан
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады