Газ тапаншасынан оқ атқан астаналық бес жылға сотталды

Сурет: pexels
Астанада газ тапаншасын қолданған ер адам бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда прокуратурасының 2026 жылғы 14 қыркүйектегі мәліметінше, қала тұрғыны түнгі уақытта өзге адамдар арасында болған жанжал кезінде газ тапаншасынан аспанға екі рет оқ атқан. Сондай-ақ олардың біріне қарай тағы бір рет оқ шығарған. Алайда ер адам қашып үлгеріп, оқтан аман қалған.

Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды.

"Елорда прокуратурасы азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады. Қоғамдық тәртіпті күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту, сондай-ақ қару не басқа да заттарды пайдалану арқылы өрескел бұзғаны үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", – деп мәлімдеді прокуратура.

Ал Қазақстанда Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған қару-жарақ жасырылған орындар әлі де анықталып жатыр. Соңғы рет мұндай қоймалар Шымкент пен Петропавл қалаларынан табылды. Полиция мылтықтар, шолақ мылтықтар, тапанша, оқ өтпейтін кеудеше мен оқ-дәрілерді тәркіледі.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді