Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға 50 жыл Октябрь көшесінде орын алған. Әйел бесінші қабаттағы терезеден дәмхананың шатырына құлаған. Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті.
Құтқарушылар арқан мен зембілді пайдаланып, зардап шеккен әйелді абайлап төмен түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
ТЖМ мамандары төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне дереу қоңырау шалу қажет екенін еске салды.
Бұған дейін Үлкен Алматы шатқалы маңында тауда серуендеп жүріп аяғын жарақаттап, сондай-ақ өздігінен жүре алмай қалған Қытай азаматына құтқарушылар көмек көрсеткені хабарланған болатын.