Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 25 қыркүйекте, Қазақстан Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, ұсталғандардың қатарында:
- ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы;
- екі әскери бөлімнің командирі;
- теңіз жаяу әскерлері ротасының командирі мен катер командирі бар.
"Олардың барлығы күдікті деп танылып, Ақтау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Қосымша хабарламада "Хазар Қорғаны – 2026" оқу-жаттығуы кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты ІІМ-нің әскери-тергеу бөлімшесі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқаны айтылған.
2026 жылғы 24 қыркүйек, бейсенбі күні Ақтаудан 43 шақырым жердегі Каспий теңізінің жағалауында өткен оқу-жаттығу барысында, қолайсыз ауа райында жеке құрам "Қайсар" катерінен түсіп жатқан кезде, әскери қызметшілерді теңізге ағызып әкеткен.
"Тергеу аясында оқу-жауынгерлік тапсырманы ұйымдастыру және орындау кезінде шешімдердің қалай қабылданғаны, қауіпсіздік талаптарының сақталуы, гидрометеорологиялық жағдайдың ескерілуі, катердің техникалық жай-күйі, сондай-ақ оқу-жаттығуды өткізуге және жеке құрамның қауіпсіздігіне жауапты лауазымды тұлғалардың әрекеттері зерделеніп жатыр". ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Қазір қажетті тергеу және процестік іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
"Барлық күдіктінің әрекетіне заңда белгіленген тәртіппен құқықтық баға беріледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы ҚР Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратурасының ерекше бақылауында". ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Президент Касым-Жомарт Токаев выразил соболезнования родным и близким погибших военнослужащих и объявил 25 сентября днем траура.