Шетелдіктерді шекарадан заңсыз өткізіп, Алматыға жеткізген топ ұсталды

Фото: unsplash
Жамбыл облысы Қордай ауданының прокуратурасы ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарымен бірлесіп, заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу және жедел іздестіру шаралары барысында 2026 жылғы мамыр мен шілде аралығында Алматы аумағында Қырғызстан мен Өзбекстанның 10 азаматы анықталды. Олар Қазақстанның мемлекеттік шекарасын белгіленген өткізу бекеттерінен тыс жерде заңсыз кесіп өткен.

Заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген күдікпен төрт адам ұсталды. Олардың үшеуі – Қазақстан, біреуі – Қырғызстан азаматы.

Тергеу мәліметінше, Қырғызстан азаматы шетелдіктерді мемлекеттік шекараға дейін бастап келген. Олар шекарадан заңсыз өткен соң, Қазақстан аумағында сыбайластары күтіп алып, Алматыға жеткізуді ұйымдастырған.

Күдіктілердің барлығы қамауға алынды.

"Қылмыстық кодекстің 394-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", – деп хабарлады Жамбыл облысының прокуратурасы.

Бұған дейін, 2026 жылғы 18 қыркүйекте, шекара бекетін айналып өтіп, Қазақстанға заңсыз кірмек болған шетелдік туралы жазған едік.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін