Range Rover-мен полициядан қашып, сотқа келмеген: Тараз тұрғыны қамалып, жүргізуші куәлігінен айырылды

Фото: unsplash
Таразда полицейлер алдымен қымбат жол талғамайтын көлікпен қашқан жүргізушіні қуып, кейін оны сотқа мәжбүрлеп жеткізген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Жедел басқару орталығының қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері тағылған Range Rover көлігін анықтаған.

"Тоқтатуға әрекет жасаған кезде Тараздың 38 жастағы тұрғыны патрульдік полиция қызметкерлерінің талабына бағынбай, жол қозғалысы ережелерін бұза отырып қашуға тырысқан", – деп хабарлады полиция 2026 жылғы 21 қазанда.

Ведомство көлікті қуған сәттің видеосын да жариялады.

Осыдан кейін жүргізуші сот отырыстарына бірнеше рет келмеген.

"Мәжбүрлеп жеткізілгеннен кейін ол сот алдында жауап берді. Сот шешімімен әкімшілік қамаққа алынып, көлік құралын басқару құқығынан айырылды", – деп мәлімдеді Полиция департаменті.

Бұған дейін Ақмола облысында ішімдік ішіп, Toyota Alphard көлігінің тізгініне отырған жүргізуші 15 тәулікке қамалып, жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылған еді.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда алғашқы қар жауып, күн -4°C-қа дейін суытады

21 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Қалың қар жауып, бұрқасын жүреді". Еліміз бойынша 22 қазанға арналған ауа райы болжамы

2027 жылдан бастап АӘК беру мөлшері мен шарттары бекітілді

"Қыстың жақындағаны сезіледі": Қазақстанда ауа температурасы -10°C-қа дейін төмендейді