Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, мемлекет басшысы бұл мереке Камбоджа халқының бай тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық бірлігі мен ынтымағын ұлықтайтынын атап өтті. Президент Қазақстан мен Камбоджа арасындағы ынтымақтастықтың тұрақты дамып келе жатқанына да тоқталды.
"Жуырда Қазақстанға жасаған сапарыңыздың нәтижесін нақты іске асыруға ден қойып отырмыз. Қол жеткізілген уағдаластықтар елдеріміз арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайтуға тың серпін береді деп сенемін", – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Хун Манетке жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал Камбоджа халқына құт-береке тіледі.