Бұл туралы 2026 жылғы 10 қарашада қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Алматы қаласының Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы мердігерге жобалау-сметалық құжаттама үшін 202 млн теңге төлегені анықталды. Құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтпеген, сондықтан жобаны іске асыру мүмкін емес", – деп хабарлады Алматы қаласының прокуратурасы.
Бұдан бөлек, тапсырыс беруші мердігерден тұрақсыздық айыбын және шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын өндіріп алмаған. Олардың жалпы сомасы – 27 млн теңге.
"Прокуратура ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы („Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", – делінген хабарламада.
Прокуратураның мәліметінше, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес іске қатысты өзге деректер жария етуге жатпайды.
2026 жылғы 9 қарашада Алматы – Өскемен тасжолын жөндеуге қатысты 115 млн теңгелік дау туындағаны белгілі болды.