Теміртауда жасөспірімдер зейнеткерді ұрып-соғып, видеоға түсірген: сот іс бойынша жаңа шешім шығарды

Фото: pexels
Қарағанды облысында Теміртауда зейнеткерді аяусыз ұрып-соғып, тонағаны үшін сотталған жасөспірімдердің бірінің бас бостандығынан айыру мерзімі бес жылдан алты жылға ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"31 арнаның" 2026 жылғы 11 қарашадағы мәліметінше, қоғамда резонанс тудырған іс бойынша сотталғандар жазаларының жеңілдетілетініне үміттенген. Алайда олардың үміті ақталмады.

Іс материалдарына сәйкес, бір топ жасөспірім зейнеткердің пәтеріне алдап кірген. Олар қарт адамды қорлап, ұрып-соғып, мұның бәрін видеоға түсірген. Кейін шабуыл жасағандардың бірі бұған дейін тағы бір адамды ұрып-соғып, тонағаны анықталды.

Ювеналды сот барлығы тоғыз адамды соттады. Олардың жетеуі қылмыс жасалған кезде 15–16 жаста болған. Барлығына бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Прокурор мен сотталғандар апелляциялық тәртіппен шағымданған. Нәтижесінде сот олардың бірінің жазасына алдыңғы үкім бойынша жазасының өтелмеген бөлігін ішінара қосты. Енді ол бес жылдың орнына алты жыл жазасын өтейді.

"Сот үкімінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды. Прокурордың апелляциялық өтінішхаты ішінара қанағаттандырылып, сотталғандар мен олардың қорғаушыларының шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді", – деді Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші судьясы Дана Сәрсекеева.

Бұған дейін Қарағанды облысында отбасылық жанжал пышақтасумен аяқталған еді. Абай қаласында ер адам жанжал кезінде өз әйеліне пышақ сұққан.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жылусыз, сусыз бірақ алтынға бай: әлемдегі ең биік қалаға адамдар неге ағылып жатыр

Алматы әкімдігі нөсерден кейінгі жағдайға түсініктеме берді

ІІМ электромобильдерге арналған мемлекеттік нөмір үлгілерін бекітті

Давид Лория әкесіне іздеу жарияланғаннан кейін мәлімдеме жасады

Құрылтай депутаты мен орталық мемлекеттік орган өкілдері БҚО-ға жұмыс сапарымен келді