Қазақстандық әйел енесімен жанжалдасқаннан кейін сотқа тартылды: себебі белгілі болды

Фото: pexels
Жамбыл облысында сот бұрынғы енесімен жанжалдасқан әйелге қатысты істі қарады. Құқық бұзушыға ескерту жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сарысу аудандық сотының 2026 жылғы 11 қарашадағы мәліметінше, оқиға қазан айында Арыстанды ауылында болған. Үйінде болған Б. есімді азаматша бұрынғы енесімен сөзге келіп, жанжал кезінде оған былапыт сөздер айтқан.

Әйелдің кінәсі хаттамамен, тараптардың айғақтарымен және полиция қызметкерінің баянатымен расталды.

Сотта жауапқа тартылған әйел кінәсін мойындады. Оның түсіндіруінше, жанжал өзара түсініспеушіліктен туындап, екі тарап бір-біріне тіл тигізген.

"Жәбірленуші оқиғаның мән-жайын растап, бұрынғы келінін кешіретінін айтты", – делінген хабарламада.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-бөлігінде ескерту жасау, 20 сағат қоғамдық жұмысқа тарту немесе бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы көзделген. Сот жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ.

Нәтижесінде Б. есімді азаматша кінәлі деп танылып, оған ескерту жасалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Бұған дейін Жамбыл облысында енесінің атынан оның хабарынсыз несие рәсімдеген әйелге сот үкімі шыққан болатын.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жылусыз, сусыз бірақ алтынға бай: әлемдегі ең биік қалаға адамдар неге ағылып жатыр

Алматы әкімдігі нөсерден кейінгі жағдайға түсініктеме берді

ІІМ электромобильдерге арналған мемлекеттік нөмір үлгілерін бекітті

Давид Лория әкесіне іздеу жарияланғаннан кейін мәлімдеме жасады

Құрылтай депутаты мен орталық мемлекеттік орган өкілдері БҚО-ға жұмыс сапарымен келді