Қытайдан Ресейге 15 жаңа көлік тасымалдаған екі автовоз Қазақстанда аударылды

Сурет: Ақмола облысының ПД
Ақмола облысындағы тасжолда 15 жаңа шетелдік автокөлік тиелген екі автовоз аударылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 2026 жылғы 13 қарашада Астана – Атбасар – Жақсы автожолының 131-шақырымында болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, шетел азаматтары басқарған FAW автовоздары Қорғастан Ресейге 15 жаңа автокөлік тасымалдап бара жатқан. Жолдың көктайғақ болуына байланысты алда келе жатқан автовоздың жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған. Соқтығысқан екі ауыр жүк көлігі жолдан шығып, жыраға аударылған", – деп хабарлады полиция департаменті.

Жол апатынан зардап шеккендер жоқ.

Автовоз жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұған дейін, 2026 жылғы 7 қарашада Ақмола облысындағы Астана – Петропавл тасжолында жүк көлігі мен екі жеңіл автокөлік жол апатына ұшыраған еді. Салдарынан бір жүргізуші мен төрт жолаушы зардап шекті.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Шымкентте Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі талқыланды

Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді

"Көктайғақ, тұман, қатты жел". Жұмада еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды