Ренат Айтаев президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды

Сурет: mazhilis.parlam.kz
Бүгін, 2026 жылғы 16 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісін ауыстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кадрлық өзгерістер туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ренат Құрметжанұлы Айтаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Мемлекет басшысының басқа өкімімен Әлихан Қайыргелдіұлы Жамсатов аталған лауазымнан босатылды.

Ренат Айтаев 1976 жылы Өскеменде дүниеге келген. 1998 жылы Шығыс Қазақстан техникалық университетін "инженер-экономист", 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын "заңгер" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Өскемендегі "Демал-Шығыс" ЖШС-нің экономика және қаржы жөніндегі директоры қызметінен бастаған.

1999–2003 жылдары статистика және мемлекеттік кірістер органдарында, сондай-ақ Қаржы министрлігінде жұмыс істеген. 2003–2008 жылдары Кедендік бақылау комитетінде басшылық лауазымдарды атқарған.

2008–2010 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Индустрия және сауда министрлігінде департаменттерді басқарған.

2010–2017 жылдары Премьер-Министр Кеңсесінде Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары, кейін бөлім меңгерушісі болған.

2017–2019 жылдары Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары, 2019–2022 жылдары Президент Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарған.

2022 жылғы 4 ақпаннан бастап Қазақстан Парламенті Мәжілісі аппаратының басшысы болған.

2026 жылғы 16 қарашада таңертең Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Сағымбаевты ҰҚК төрағасы қызметінен босату туралы Жарлыққа қол қойды. Кейін комитет төрағасы болып Марат Ирменовтің тағайындалғаны белгілі болды.

Қазақстан
Молния
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҰҚК-нің жаңа төрағасы тағайындалды

Жезқазғанда ойын-сауық орталығының әкімшісі отшашу атқаны үшін жазаланды

АҚШ-та екі ұшақ соқтығысып, жолаушыларға медициналық көмек қажет болды

Қазақ телевизиясының алғашқы дикторларының бірі Зұлхия Жұматова дүниеден өтті

Қазақстанға тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салынды