"Ирбис" телеарнасының сайты 2026 жылғы 26 қарашада хабарлағандай, марқұм 42 жаста болған. Қайғылы оқиға энергетикалық нысанның аумағында болғанымен, жұмысшы электр станциясының штатында болмаған.
"2026 жылғы 19 қарашада "Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС аумағында мердігер ұйымның қызметкері жазатайым оқиға салдарынан қаза тапты. Қазір Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті осы оқиғаға қатысты арнайы тергеп-тексеру жүргізіп жатыр", – деп хабарлады ведомство.
Ал Қостанайда жұмысшының орда қаза табуына қатысты іс бойынша үкім шықты. Сот айыпталушыға екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.