Әлеуметтік желілерде қар жамылған қаланың кадрлары жарияланды.
View on Threads"Ақыры Астана зауыттық баптауларына қайта оралды", – деп жазды Threads желісінде aseke3107.kz есімді қолданушы.
Пікірлерге қарағанда, қар жауғанына қуанған астаналықтар көп. Дегенмен кейбірі қыстың келгеніне қуануға әлі ерте екенін, ол үшін кемінде он градус аяз бірнеше күн сақталуы керектігін жазған.
- "Неткен әдемі!"
- "Мәссаған!"
- "Вирустың бәрі қырылатын болды!"
- "Әйтпесе тым босаңсып кетіп едік".
- "Ескі вокзал жақта қар аздау сияқты".
- "Ауа райы біресе олай, біресе былай. Жақында қайта еріп кетеді".
- "Астана қазір швейцар сағатындай дәл жүріп тұр".
- "Әзірге зауыттық баптауына орала қойған жоқ. Ең болмаса, он градус аяз тұрақтаса ғой".
- "Қап, кімнің аузына түсті екен?! Күздің әлі төрт күні бар еді ғой. Ұлым екеуміз бұған келіспейміз".
- "Ағылшынша мұны back to factory settings дейді. "Қыс" жаңартуы орнатылды. Одан бас тарту мүмкін емес".
"Қазгидрометтің" болжамынша, 2026 жылғы 27, 28 және 29 қарашада Астанада қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде −10 °C-қа дейін төмендеп, күндіз 0 °C-қа дейін көтеріледі.