Төреғали Төрәлі тағы сотталатын болды

Сурет: Instagram/toregalitoreali
Алматы қаласы Түркістан аудандық сотында әнші Төреғали Төрәлінің ісі қайта қаралып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматы қаласы Түркістан аудандық сотында Т. Әлихановқа қатысты (Төреғали Төреәлі) ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы, 1-бөлігі, яғни қызметтік міндетін атқарушы билік өкілін қорлау бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр", делінген сот хабарламасында.

Төреғали Төрәлі бүгінгі таңда әлеуметтік желіде белсенді. Әнші Instagram-дағы stories-те киіз үйде отырған сәтінің видеосын жүктеген. Видео сыртында: "Сіз маған сенің енді ешқандай мүмкіндігің жоқ, сенде Құдайға жолдаған дұға-тілектеріңнен басқа түгің де жоқ дегенсің. Мәжін, ал маған одан басқа түктің де керегі жоқ" деген Мұхаммед Әлидің сұқбатынан үзіндінің дауысы естіледі.


Айта кетсек, бұған дейін Төреғали Төреәлі Алматыда есірткіге мас күйде полицияға ұсталған болатын. Кейінірек әнші 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Бірақ әншінің адвокаты оны ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған. Даулы оқиғадан кейін Төреғали Төреәлі 18 шілдеде бостандыққа шықты.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Темірлан Анарбековтың сейві "Қайратты" Чемпиондар лигасы іріктеуінің үшінші кезеңіне шығарды

Алматылықтар тұрғылықты жеріне жақын маңда автокөлігін тегін қоя алады

Бейнекамералар мен жол қауіпсіздігі: ІІМ ұсынуынан кейін қандай шаралар қабылданды

Самара – Шымкент тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, үш жұмысшы қаза тапты

Балағат сөздер – ұрпақтың санасын улайтын қауіпті дерт