Жамбыл облысының тұрғыны желідегі жалған жазбасы үшін балалар үйіне 50 мың теңге беретін болды

Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысының тұрғыны әлеуметтік желідегі жалған жазбасы үшін балалар үйінің пайдасына 50 мың теңге моральдық өтемақы төлейтін болды. Ол "балалар үйіне арналған ақшаны иемденді" деп мұражай директорына жалған айып таққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес, жауапқа тартылушы Facebook-те мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры  адамдардың балалар үйіне қайырымдылық жасауға қалдырған ақшасын иемденгені туралы шындыққа жанаспайтын жалған мәліметтер жариялаған.

Мұражай директоры соттан жауапкерді Facebook-тегі ресми парақшасында кешірім сұрайтын жазба жариялауға мәжбүрлеуді, сондай-ақ балалар үйінің пайдасына келтірілген моральдық зиянды өндіріп алуды сұрады. Істі дайындау сатысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасты.

Келісімге сәйкес, жауапкер Facebook-тегі жеке парақшасында кешірім сұрайтын жазба жариялауға, сондай-ақ балалар үйінің пайдасына 50 мың теңге көлемінде моральдық зиянды және директордың сот шығындарын өтеуге міндеттенді. Ол өз кезегінде талап қою арызынан бас тартты. 

Бұған дейін Шымкентте қызметіне ақы алғысы келген экс-судья 7,5 жылға сотталғаны хабарланған.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

31 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды