Қостанайда есірткі саудалайтын дүкен әшкере болды

Сурет: видеодан алынды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысындағы департаменті прокуратураның және ҚР ІІМ Ұлттық ұланының "Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөлімшесі үйлестіруімен әлеуметтік желілер арқылы есірткі таратумен айналысқан арнаны анықтап, оның қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдіктілер 2024 жылдың мамырынан бастап "Thс Seller" атауымен Telegram-арнасында интернет-дүкен ұйымдастырып, есірткі заттарын сатқан. Төлемдер қолма-қол ақша және криптовалюта арқылы қабылданған.

"Тінту барысында 30 келіден астам марихуана мен гашиш, ұялы телефондар және 5 банк картасы тәркіленді. Анықталғандай, интернет-дүкеннің 2 мыңнан астам тұтынушысы болған және 100 миллион теңгеден астам сомаға 5 мыңнан астам есірткі саудасы жүргізілген. Қылмыстық жолмен келген табысты жасыру мақсатында күдіктілер Telegram мессенджері арқылы дроптарды – яғни жалған тұлғаларды – тартқан. Бұл тұлғалар атына банк карталары рәсімделіп, сол карталар арқылы ірі көлемдегі ақшалай қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған". ҚМА баспасөз қызметі

Есірткі тасымалы үшін күдіктілер қылмыстық табыстың есебінен 2 автокөлік пен мотоцикл сатып алып, оларды сенімді адамдардың атына тіркеген. Сот санкциясымен бұл көлік құралдарына тыйым салынды.

Күдіктілер екі ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Бұған дейін Талдықорғанда жасөспірімдер есірткі таратумен айналысқанын жазғанбыз.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды