Ұшақтағы жанжал: Ақтауда бортсерікті бетінен ұрған ер адам айыппұл арқалады

Сурет: pixabay
Ақтау қаласының әуежайында бортсерікке қол жұмсаған ер адамға со шешімімен айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты 2025 жылы 20 сәуірде сағат 00:10 шамасында азамат К. қала әуежайындағы ұшақ бортында ұялы телефонын ұмытып кеткенін, отырғанын орнына оралмақ болғанда сыртқа адамдардың шығып жатуына байланысты оны бортсеріктің орта жолдан тоқтатқанын, осы арада жанжал басталғанын анықтады. Өз сөзін елемеген ер адамды көрген бортсерік телефонды өзі әкеліп беретінін айтқанда бетіне ауыр соққы тиген. 

"Азамат К. борсерікпен жанжалдасып, айналасындағыларға сыйламаушылық танытып, қоғамға жат мінез-құлық көрсете отырып, ұсақ бұзақылық әрекетін жасаған", делінген сот хабарламасында.

Сот отырысында К. өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін және оның асырауында 5 баласының барын ескеріп,айыппұл түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Сот қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ер адам кінәлі деп танылып, оған 55 048 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

Бұған дейін Қарағанды соты қауіпті қылмыстық топқа қатысты үкім шығарғанын жазғанбыз.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді