Залал көлемі - 4 млрд теңге: Жетісай білім бөлімінің 46 қызметкері бір мезетте сотталды

Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысында Жетісай білім бөлімінің 46 қызметкері бір мезетте сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен Жетісай аудандық білім бөлімінің 46 қызметкерлері сеніп тапсырылған мүлікті иемдену әрекеттері бойынша қылмыстық істі қарады.

Тергеу органымен:

"Сотта Жетісай аудандық білім бөлімінің лауазымды қызметкерлері (М. және Ш.), сондай-ақ мектептердің 44 есепшісі адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы мектептерде жұмыс істемейтін таныстары мен туыстарының банктік есеп шоттарына негізсіз ақша қаражаттарын жалақы ретінде аударып, бюджет қаражатын иемденгені анықталды", делінген сот хабарламасында.

Нәтижесінде, сотталушылардың 2021-2023 жылдар аралығында қылмыстық іс әрекеттері салдарынан, мемлекетке 4 млрд теңгеден астам шығын келген.

Сотта, сотталушы М. және Ш. өз кінәларын мойындамады, қалған сотталушылар кінәларын мойындап, келтірілген шығынды өтегендерін ескер іп, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

43 сотталушы (мектеп бухгалтерлері) мемлекетке жалпы 800 млн теңгеден астам иемденген қаражатты қайтарды.

Алқабилердің шешімімен:

Шығынды өндіру және оның мөлшерін анықтау, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібіне қалдырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Алматыда бастық әйел церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды пайдаланып, ақша таппақ болғанын жазғанбыз.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды