ІІМ тоғыз жылдан кейін ДНҚ-технологияларының көмегімен өте ауыр қылмыстың бетін ашты

Сурет: freepik
Астанада 2016 жылы орын алған кісі өлтіру қылмысы тоғыз жылдан кейін ДНҚ-технологияларының көмегімен ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2016 жылы Астана қаласында аса ауыр қылмыс орын алып, 80 жастағы әйел өлтірілген. Қылмыскер зейнеткердің үйіне кіріп, оған зорлық-зомбылық көрсеткен. Оны соққыға жыққан және жасаған қылмыс ізін жасыру үшін оқиға орнынан бой тасалаған. Қылмыс орнын қарау кезінде криминалистер көзге нашар көрнетін биологиялық іздерді тапты.

"Сол іздерден ДНҚ-код алынды. Алайда тоғыз жыл бойы қылмыс ашылмай келді. Қылмыскер әділдік пен жазадан қашып жүрді. Ішкі істер министрлігінің молекулярлық-генетикалық зертханасында бар заманауи технологиялармен ДНҚ-дерекқоры арқасында сәйкестік анықталды. Осылайша 65 жастағы күдіктінің жеке басы анықталды. Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс жасағанын мойындады. Министрлік өткен жылдардағы ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу жұмысын жалғастырады. Криминалистикалық құралдар қылмыскерді қылмыс жасалған уақыттан қанша жыл өтсе де, дәл анықтауға мүмкіндік береді. Осы мысал жазадан қашу мүмкін емес екенін көрсетеді, - деді ІІМ Жедел-криминалистикалық департаментінің бас криминалисі Айнұр Сәрсебаева.

Бұған дейін Германия тұрғыны бұрынғы күйеуін айыптап, Қазақстан сотына жүгінгені хабарланған.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі