Астанада агрессивті сталкердің ісі немен тынды

Фото: zakon.kz
2025 жылғы 30 желтоқсанда ер адам қоғамдық орында әйелге балағат сөздер айтып, қатты айқайлап, қорлап, агрессивті мінез-құлық танытқан. Сотқа жүгінген жәбірленуші ер адамның жүйелі түрде өзіне агрессивті мінез-құлық танытып, үнемі қоқан-лоқы көрсететінін айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ер адамның кінәсін дәлелдемелердің жиынтығымен дәлелденген деп танып, оның әрекеттерін ұсақ бұзақылық ретінде саралады. Сот қаулысымен азамат М-ға 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сот 1 жыл мерзімге М-ның мінез-құлқына қатысты ерекше талаптар белгіледі, оның ішінде жәбірленушімен кез келген байланыс жасауға тыйым салынды. Сонымен қатар, сот азамат М-ның әрекеттерінде қудалауға (сталкингке) байланысты құқыққа қайшы мінез-құлық белгілерінің бар екенін атап өтіп, құқықтық баға беру үшін Астана қаласы Полиция департаментінің атына жеке қаулы шығарды.

"М. сотта кінәсін мойындамай, жәбірленушінің түсініктемелерімен ішінара ғана келіскенін, алайда дәлелдердің жоқ екенін және қарсы арыз беретіндігін мәлімдеді. Іс бойынша құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты іс жүргізуді тоқтатуды сұрады. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ", делінген Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасында.

Бұған дейін Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты сот отырысы жабық есік жағдайында өтіп жатқаны хабарланған.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды