Материалдық жауапкершілік туралы шарт болмаса да, қызметкер келтірілген залалды өтеуге міндетті ме

Фото: pixabay
Қызметкермен материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалмаса да, ол жұмыс берушіге келтірілген залалды өтеуге міндетті. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде түсіндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік мәліметінше, Еңбек кодексінің 123-бабы 3-тармағына сәйкес қызметкер жұмыс берушіге келтірілген тікелей нақты залалды өтеуге міндетті.

Кодекстің 123-бабының 8-тармағында қызметкерге келтірілген залал үшін толық мөлшерде материалдық жауапкершілік жүктелетін жағдайлардың нақты тізбесі көрсетілген.

Оларға мыналар жатады:

Қалған жағдайларда өтелуге тиіс залал мөлшері нақты келтірілген тікелей залал көлемімен айқындалады. Бұл ретте жұмыс беруші келесі жайттарды дәлелдеуі қажет: залал келтірілген факті, оның мөлшері, қызметкердің кінәсі және қызметкердің әрекеті (әрекетсіздігі) мен келтірілген залал арасындағы себеп-салдарлық байланыс.

Осылайша, толық материалдық жауапкершілік туралы шарттың болмауы немесе Кодекстің 123-бабы 8-тармағында көзделген негіздердің болмауы қызметкерді залалды өтеу міндетінен босатпайды. Залалды өтеу мөлшері әрбір нақты жағдайда нақты мән-жайлар мен дәлелдерге қарай айқындалады.

Сонымен қатар, Еңбек кодексінің 123-бабы 5-тармағына сәйкес қалыпты өндірістік-шаруашылық тәуекелге жататын залал үшін қызметкерге жауапкершілік жүктеуге жол берілмейді.

Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев: Негізгі заңға жасалатын өзгерістер жаңа Конституция қабылдауды қажет етеді

Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореядағы зауыттағы өрт кезінде жоғалып кетті

Қазақстанның 12 қаласында ауа ластанады

Алматы тұрғыны жаңа Конституция туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланды

Жаңаөзенде ер адам өзінің әйелін өлтірді деген күдікке ілінді - марқұмның артында жеті баласы қалды