Қазақстанда электрондық сауда тауарлары туралы хабарлаудың жаңа тәртібі енгізіледі

Фото: pexels
Қаржы министрлігі кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған электрондық сауда тауарларын әкету және қайтару туралы мемлекеттік кірістер органдарына хабарлау қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаға сәйкес, электрондық сауда операторы жеке тұлғаларға сатуға арналған тауарларды кеден қоймасынан алушыға жеткізу үшін әкеткені туралы мемлекеттік кірістер органына хабарлауға міндетті болады. Бұл ретте тауарлар кеден қоймасы рәсімінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін әкетілуге тиіс.

Сондай-ақ сатып алынған тауар қайтарылған жағдайда, электрондық сауда операторы бұл туралы мемлекеттік кірістер органын хабардар етуі қажет. Тауарды қайтару мүмкіндігі электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны тапсыру мерзімі аяқталған күнге дейін қамтамасыз етілуге тиіс.

Құжаттың қабылдануы электрондық сауда операторларымен ақпарат алмасудың бірыңғай тетігін қалыптастыруға, тауарлар есебінің ашықтығын арттыруға, кедендік әкімшілендірудің тиімділігін күшейтуге және кеден заңнамасының талаптарын орындауға мүмкіндік береді деп күтіледі.

Құжат "Ашық НҚА" порталында 18 тамызға дейін жария талқылауға ұсынылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі