Өзгеріс нәтижесі бойынша 19 мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі жаңартылды:
- Темекі өнімдерін өндіруге лицензия беру.
- Этил спиртін өндіруге лицензия беру.
- Алкоголь өнімдерін өндіруге лицензия беру.
- Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында сақтау мен көтерме саудада өткізу жағдайларын қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензия беру.
- Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында сақтау мен бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензия беру.
- Меншік объектілерін, оның ішінде тауар белгілері мен авторлық құқық объектілерін географиялық нұсқамалар мен тауарлардың шығарылған жерлерінің атауларын кедендік зияткерлік меншік объектілерінің тізіліміне енгізу.
- Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу.
- Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу.
- Кеден тасымалдаушыларының тізіліміне енгізу.
- Тауарлардың шығу тегі туралы алдын ала шешімдер қабылдау.
- Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау.
- Бөлшектелген, жинақталмаған немесе аяқталмаған тауарларды белгілі бір уақыт аралығында бірнеше партиямен әкелу жоспарланған жағдайда, олардың кедендік жіктелуі туралы шешім қабылдау.
- Халықаралық тасымалдау көлігінің тауарларды кедендік пломбалар мен мөрлермен тасымалдауға жарамдылығы туралы куәлік беру.
- Уақытша сақтау орындарының иелері тізіліміне енгізу.
- Бажсыз сауда дүкендерінің иелері тізіліміне енгізу.
- Өз тауарларын сақтауға арналған қоймалардың иелері тізіліміне енгізу.
- Көлік құралына арналған кедендік декларацияны қабылдау.
- Жолаушының кедендік декларациясын қабылдау.
- Транзиттік декларацияны қабылдау.
Енді алкоголь өнімдерін өндіруге лицензияны қалай алуға болатынын түсіндірейік.
Мұндай мемлекеттік қызметті жеке және заңды тұлғалар ала алады. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтінішті қабылдау және оның нәтижесін алу "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттар тапсыру қажет:
- өтініш;
- лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
- алкоголь өнімін өндіруші әзірлеген және бекіткен өндірістік паспорттың көшірмесі;
- арақтардың, айрықша арақтардың, тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтардың қажетті көлемін өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтың пайдалану-техникалық сипаттамасын қамтитын жабдықтың паспортарының көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш беруші жүргізетін өндірістік қуаттылық есебінің көшірмесі;
- ұйымның теңгеріміне технологиялық жабдықты қабылдау туралы бухгалтерлік (есептік) құжаттардың көшірмелері;
- алкоголь өндірісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары туралы ақпарат нысаны.
Лицензия қандай жағдайларда қайта рәсімделеді?
- лицензия иесінің тегі, аты, әкесінің атының (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) өзгерсе;
- лицензия иесі болып табылатын жеке кәсіпкердің қайта тіркелуі, оның атауының немесе заңды мекенжайы өзгерсе;
- лицензия иесінің компаниясы қайта ұйымдастырылған жағдайда:
- лицензия иесінің қаржылық қызметтерін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлға филиалының атауы немесе орналасқан жері өзгерсе;
- заңда рұқсат етілген жағдайда, объектімен бірге лицензияны басқа тұлғаға беру кезінде;
- лицензияда көрсетілген объектінің мекенжайы өзгеріп, оның физикалық орны өзгермеген жағдайда;
- ҚР заңнамасында лицензияны қайта ресімдеу міндеті белгіленген жағдайда лицензия қайта ресімделеді.
Құжаттарды қабылдауға жауапты мекеме құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдап, ұсынылған құжаттарды тексереді және тіркейді.
Одан кейін екі жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын тексереді. Олардың толық ұсынылғаны анықталған жағдайда, жауапты маман лицензия беруге келісу үшін өтініш берушінің талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатында мемлекеттік органға сұрау жібереді.
Мемлекеттік органнан оң жауап алғаннан кейін, арнайы қызметкер объектіге барып тексеру жүргізеді. Тексеру нәтижелері бойынша алкоголь өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы акт жасалады.
Ұсынылған құжаттардың толықтығы расталған жағдайда, құжаттарды өңдеуге жауапты қызметкер оларды "е-лицензиялау" цифрлық жүйесіне енгізіп, өңдейді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет алушыға жібереді:
- Лицензияны алғаш алу - 12 жұмыс күнінде,
- қайта рәсімдеу немесе қолданылуын тоқтату — 3 жұмыс күнінде рәсімделеді.
Қарапайым тілмен айтқанда:
Өтініш бересіз → құжаттар тексеріледі → мемлекеттік орган келіседі → маман өндіріс орнына барып тексереді → талаптарға сай болса, лицензия беріледі.
Ал алкоголь өнімдерін сақтау немесе сатуға лицензияны қалай алуға болады?
Өтініш "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Лицензия алу немесе оны қайта ресімдеу үшін қажетті құжаттарды қоса тіркеп, ЭЦҚ арқылы куәландырылған электрондық өтініш портал арқылы қабылданады.
Қандай құжаттар қажет:
- өтініш;
- лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
- жалдау немесе өтеусіз пайдалану шартының электрондық көшірмесі – (егер мұндай шарттар бір жылдан аз мерзімге жасалған болса);
- алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтау және көтерме саудада өткізу жағдайларын қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және көтерме саудада өткізуге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны электрондық құжат түрінде.
Рұқсат беру тәртібі енгізілген қызмет түрінің атауы өзгерген жағдайда, лицензия иесі лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтініш беру керек.
Мемлекетті орган қызмет алушы азаматтың құжаттарын алған сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Құжаттардың толық ұсынылғаны анықталған жағдайда, оны өңдеуге жауапты қызметкер оларды "е-лицензиялау" цифрлық жүйесіне енгізіп, өңдейді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін лицензия алушы тұлғаға жібереді:
- Лицензия беру немесе лицензия беруден бас тарту туралы шешім – өтініш тіркелгеннен кейін 1 жұмыс күні ішінде беріледі.
- Лицензияны қайта ресімдеу – өтініш тіркелгеннен кейін 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
- Лицензияның қолданылуын тоқтату – өтініш тіркелгеннен кейін 1 жұмыс күні ішінде рәсімделеді.
Қаулы 21 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.