Қызылорда облысында полицейді өлтірді деген күдікпен ер адам қамауға алынды

Сурет: polisia.kz
Қызылорда облысында учаскелік полиция инспекторын өлтірді деген күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, қаскөй 39 жастағы Арал ауданының тұрғыны болып шықты.

Бұдан бұрын Арал ауданында тұрмыстық жанжал кезінде учаскелік полиция инспекторына дене жарақаттары келтіріліп, салдарынан оның қайтыс болғаны хабарланған. Оқыс оқиға кезінде қызметкер еңбек демалысында болған.

"Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – дейді ПД өкілдері.

Бұған дейін Астанада қос полицейдің неге жұмыстан қуылғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған