Ақтөбе облысында қарасора плантациясының иесі ұсталды

Сурет: Zakon.kz
"Қарасора-2026" іс-шарасы аясында Темір ауданының полиция қызметкерлері есірткі құрамдас өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады. Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында жалпы салмағы 11 келіге жуық өсімдік тектес зат тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шұбарши ауылындағы жеке үйлердің бірінде жүргізілген тінту кезінде аула аумағынан арнайы дайындалған жер учаскелері анықталып, онда есірткі құрамдас өсімдіктер өсірілгені белгілі болды. Барлығы алты түп жасыл өсімдік табылды.

Сонымен қатар үй мен монша ішінен өсімдік тектес зат, тұқымдар және оларды сақтауға пайдаланылған түрлі ыдыстар мен орамалар тәркіленді.

"Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 11 келіге жуық. Барлық алынған заттар тиісті сараптамаға жолданды.Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ер адамның көктем айларынан бастап ауладағы жерді күрекпен қазып, арнайы ойықтар жасап, оған есірткі құрамдас өсімдіктің тұқымдарын еккені анықталды. Кейін өсімдіктерді суарып, күтіп-баптаған. Өз жауабында оларды жеке тұтыну мақсатында өсіргенін айтқан. Ер адам өз кінәсін толық мойындады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді". Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Астанадағы түнгі клубта есірткі емін-еркін сатылғаны хабарланған.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Тасжолдағы велоспорттан әлем чемпионаты: ел намысын кімдер қорғамақ

Алматыда жаңа саябақ салу үшін жер телімдері мемлекет меншігіне өтеді