Қайғылы оқиға: Ақмола облысында мас әйел баласын емізген күйі ұйықтап қалған

Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысы Алакөл ауданында жазатайым оқиға орын алды. Түнде мас әйел баласын емізген күйі ұйықтап қалған. Ал таңертең тұрғанда емшектегі бала көгеріп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шақырту бойынша оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері баланың тұншығып, қайтыс болғанын растады.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігі бойынша істі Алакөл аудандық соты қарады. Іс сотқа кінәні мойындау туралы жасасқан процестік келісіммен түсті.

Жаза тағайындауда сот әйелдің шын жүректен өкінгенін жазаны жеңілдететін, ал қылмысты алкогольдік масаң күйде жасағанын жазаны ауырлататын мән-жай деп ескерді.

Сот үкімімен әйелге қатысты 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін хирургтер ота жасау кезінде науқастың құлағын шатастырып алғаны хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

"Ауа райы күрт бұзылады". Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Президент 24 қарашаға дейін жемқорлықты күрт азайту жөніндегі шараларды ұсынуды тапсырды

Алматылық әйелдің ұзақ уақыт бойы мазасын алған ер адам сталкинг күдігімен ұсталды

Мемлекет басшысы: Қазақстанда үш жылда 3 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық фактісі анықталған