Конституциялық сот: Кінәсіне қатысты сейілмеген күмән айыпталушының пайдасына шешілуі тиіс

Фото: freepik
Қазақстан Конституциялық сотына Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабының 3-бөлігінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініш түсті. Аталған норма күдіктінің, айыпталушының және сотталушының кінәсіне қатысты сейілмеген күмәнді олардың пайдасына түсіндіру қағидатын бекітеді, деп хаб

Өтініш беруге азаматтың өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету, сондай-ақ алаяқтық жасағаны үшін сотталуы себеп болған.

Өтініш берушінің пікірінше, Қылмыстық-процестік кодексте қолданылатын "сейілмеген күмән" ұғымы айыпталушының кінәсіне қатысты кез келген күмәнді оның пайдасына түсіндіру жөніндегі конституциялық кепілдікті тарылтады. Осылайша, кінәсіздік презумпциясы қағидатының қолданылу аясын шектейді.

Конституциялық сот бұл мәселенің бұған дейін де конституциялық бақылау органында қаралғанын атап өтті. 2003 жылғы 26 маусымдағы нормативтік қаулыда айыпталушының пайдасына кез келген күмәнді түсіндіру туралы конституциялық талап пен қылмыстық-процестік заңнамада бекітілген "сейілмеген күмән" ұғымының арақатынасына қатысты құқықтық ұстаным қалыптастырылған.

"Аталған ұстанымға сәйкес, қылмыстық процесті жүргізетін орган заңда көзделген барлық шараны қабылдағаннан кейін де сейілмеген күмән айыпталушының пайдасына түсіндіріледі. Демек, "сейілмеген күмән" ұғымы кінәсіздік презумпциясының конституциялық кепілдігіне қайшы келмейді", – деп түсіндірді Конституциялық сот.

Конституциялық сот қолданыстағы Қылмыстық-процестік кодекстің тиісті нормалары мәні жағынан бұрын конституциялық бақылаудан өткен құқықтық реттеуді сақтап қалғанын атап өтті.

Осыған байланысты конституциялық бақылау органының нормативтік қаулылары Конституцияға қайшы келмейтін бөлігінде заңды күшін сақтайды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі