Құжатқа сәйкес, қазақстандық рейтингтік агенттіктің жарғылық капиталы да, меншікті капиталы да кемінде үш миллиард теңге болуы керек.
Ал шетелдік рейтингтік агенттікті Қазақстанда тану үшін оның меншікті капиталы кемінде бес миллиард теңгеге баламалы соманы құрауға тиіс.
Қаулы 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін Қазақстанда кредиттік рейтингтік қызмет қағидалары қабылданғанын хабарлаған едік.