Атап айтқанда, мынадай өзгерістер ұсынылып отыр:
- Әуе қозғалысына қызмет көрсететін мамандардың жұмыс және демалыс уақытына қойылатын талаптарды жетілдіру.
- Диспетчерлік қызмет көрсету рәсімдерін, соның ішінде әуе кемесі төмендегенде және қонуға бет алғанда, сондай-ақ онымен байланыс үзілгенде және қайта орнатылғанда қолданылатын рәсімдерді жетілдіру.
- Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде бақылау жүйелерін қолдануға, әуе кемелерінің орналасқан жері туралы хабарламаларды беруге және әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының өзара іс-қимылына қойылатын талаптарды нақтылау.
- Эшелондау минимумдарын қолдануға және әуеайлақтағы диспетчерлік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды жетілдіру.
- Әуе қозғалысы ағындарын ұйымдастыруға, әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттарын белгілеуге және таңбалауға қойылатын талаптарды жетілдіру.
- Терминологияны нақтылап, редакциялық және нақтылаушы түзетулер енгізу.
Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Оны қоғамдық талқылау 25 қарашаға дейін жалғасады.