Қазақстанда радиоактивті қалдықтарды физикалық қорғау қағидалары бекітілді

Сурет: pexels
ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы 2026 жылғы 5 қарашадағы бұйрығымен радиоактивті қалдықтарды және олармен жұмыс істеу объектілерін, оның ішінде тасымалдау кезінде физикалық қорғау қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қағидалар радиоактивті қалдықтармен және олармен жұмыс істеу объектілерімен жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

Физикалық қорғау рұқсатсыз әрекеттердің алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық, инженерлік және техникалық шаралардың біртұтас кешені негізінде жүзеге асырылады. Радиоактивті қалдықтар мен олармен жұмыс істеу объектілерін қорғау үшін физикалық қорғау жүйесі құрылады.

Бұл кешен тиісті ұйымдық құрылымды қалыптастыруды, ішкі құжаттар жүйесін әзірлеп, енгізуді, физикалық қорғаудың инженерлік және техникалық құралдарын орнатып, пайдалануды қамтиды. Сондай-ақ рұқсатсыз әрекеттерден қорғауға арналған күзет және ден қою күштерінің болуын қамтамасыз етуді көздейді.

Физикалық қорғау жүйесі мынадай функцияларды атқарады:

Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілеріндегі қалдықтардың меншікті белсенділігіне қарай физикалық қорғаудың үш деңгейі белгіленеді:

Тасымалдау кезіндегі физикалық қорғау деңгейі барлық радиоактивті қалдықтардың жиынтық белсенділігі ескеріле отырып, ең жоғары физикалық қорғау деңгейі бойынша айқындалады. Бұл талап мынадай жағдайларда қолданылады:

Физикалық қорғау жүйесін басқару мынадай шараларды қамтиды:

Радиоактивті қалдықтардың жоғалуы, оларға рұқсатсыз қол жеткізу, оларды алып қою, ұрлау, басып алу немесе диверсия жасау әрекеті не осындай оқиға тіркелген жағдайда радиоактивті қалдықтармен жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалар:

Бұйрық 22 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

АӘК тағайындау қағидалары: 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап не өзгереді

Шымкентте Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі талқыланды

"Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді