Құжатқа сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасын қазіргі деңгейде қайта бекіту жоспарланып отыр.
2026 жылғы 1 шілде мен 31 желтоқсан аралығында елдің ішкі нарығына жеткізу жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс сатылатын сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасы қосылған құн салығын есепке алмағанда тоннасына 59 722 теңге болып бекітілген.
2026 жылғы 1 қаңтар мен 30 маусым аралығында да сұйытылған газдың көтерме бағасы тоннасына 59 722 теңге болған.
Құжат "Ашық НҚА" порталында 27 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.