Тараптар ядролық қарусыздану және жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері бойынша пікір алмасты.
Роман Василенко 2045 жылға таман, яғни БҰҰ құрылуының жүз жылдық мерейтойына орай Қазақстанның ядролық қарудан азат әлем құруға бағытталған күш-жігердегі дәйекті саясаты туралы хабардар етті. Сонымен қатар, дипломат елімізде жүзеге асырылып жатқан институционалдық реформалар туралы және Әділетті Қазақстанды құру тұрғысынан парламенттік сайлаудың қорытындылары туралы хабарлады.
Өз кезегінде Торе Нэрлэнд әлемнің түрлі елдерінде велотурлар аясында саясаткерлермен, қоғаммен, жастармен өткізілетін кездесулері барысында ядролық қарусыз әлемді насихаттауға бағытталған "Bike for Peace" қозғалысының қызметі туралы айтып берді. 1977 жылы қозғалыс құрылғаннан бері барлығы 120-дан астам елде 250 велотур ұйымдастырылды.
Норвегиялық ҮЕҰ басшысы Қазақстан ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартудың үлгісі болып табылатынын атап өтті.
"Биыл және келесі жылы біз Азия елдері арқылы Нью-Йорк қаласына дейін үлкен велотур ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз және ол «Қазақстанға қараңыз – олар ядролық қарудан құтылды!" деген ұранмен өтеді", – деді ол.
Әңгіме соңында министрдің орынбасары қозғалыс белсенділеріне олардың маңызды бастамаларын іске асыруда сәттілік, сондай-ақ еліміздегі сапарының жемісті өтуін тіледі. Астанадан кейін делегация Семей мен Алматыға аттанады, онда мектептер мен университеттердегі дәрістер, азаматтық қоғамдастықпен кездесулерді қамтитын мазмұнды бағдарлама жоспарлануда.