Смайылов: көмірсутек шикізатының ресурстық базасын ұлғайту бойынша шаралар қабылданып жатыр

Сурет: Zakon.kz
17 сәуір күні өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің жанар-жағармай өндірісін ұлғайту жөніндегі жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ішкі нарықта ЖЖМ тапшылығын жою үшін Шымкент МӨЗ өндірістік қуатын жылына 6 млн-нан 12 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Зауытты шикізатпен қамтамасыз ету үшін Атырау – Кеңқияқ және Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларын кеңейту жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда", — деді Премьер-Министр.

Бұл ретте ол биыл Жаңаөзен қаласында қуаттылығы 900 млн текше метр болатын жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы басталатынын мәлімдеді. Жалпы газ саласында жылына қосымша 4 млрд текше метрге дейін газ алуға мүмкіндік беретін заңнамалық нормалар қабылданды.

Cондай-ақ Үкімет басшысы мұнай-химия саласында қуаттылығы жылына 319 мың тонна бутадиен және басқа ілеспе тауарларды өндіруге мүмкіндік беретін жоба іске асырылып жатқанын еске салды. Бұл ретте қазіргі таңда қуаттылығы жылына 1,2 млн тонна болатын полиэтилен өндіру бойынша жобалау жұмыстары жүргізілуде. Инвестициялардың жалпы көлемі $8,7 млрд-ты құрайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты