Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Сурет: akorda.kz
Президентке VIII сайланған Парламенттің төменгі палатасының қызметі туралы мәлімет берілді.

Атап айтқанда, сессия басталғаннан бері Мәжіліс депутаттарының қарауында 75 заң жобасы болды. Оның 14-і қабылданып, Сенатқа жолданды. Қазіргі уақытта депутаттардың қарауында онлайн-платформалар, заңсыз сатып алынған активтерді қайтару, «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын жүзеге асыру, қоғамдық бақылау, Тұрғын үй қатынастарын жетілдіру туралы заң жобалары бар.

Ерлан Қошанов сайлаушылармен жұмыстың күшейтілгені туралы айтты. Азаматтарды қабылдау, комитеттердің салалық және көшпелі отырыстары тұрақты өткізіліп тұрады. Депутаттар халықтың өзекті мәселелеріне қатысты сауалдарды жиі жолдай бастады.

Мәжіліс Төрағасы парламенттік дипломатия аясындағы жұмыстың қорытындылары туралы да айтты. Бұдан бөлек, Мәжіліс биыл маусым айында Қазақстанның төрағалығы аясында БҰҰ қолдауымен ұйымдастырылатын Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогының бірінші отырысын өткізуге дайындалып жатыр.

 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды

Теміртауда осыдан екі ай бұрын із‑түзсіз жоғалып кеткен 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды

"Күн қайта жылынады". Алматы бойынша 14-20 қараша аралығына арналған ауа райы болжамы

Қарағанды облысында көктайғақ кезінде жол үстінде дрифт жасаған үш жүргізуші жауапқа тартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады